Воспитательная работа
Разделы:
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.
2020-2021 оқу жылы.
Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:
Тұлға бағдарланған жалпы адамзаттық құндылықтарды, шығармашылық және ынтымақтастық үрдісі барысында дамыту
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтары негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Бірінші бағыт: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты;
тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар
мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы
қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және
дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін
уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауаттыөмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын,денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.