«Жүзден жүйрік» интеллектуалдық ойын
7-8 сынып арсында «Жүзден жүйрік»
интеллектуалдық ойын «Үш тұғырлы тіл» тақырыбында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы Киреев А.К. «Жүзден жүйрік» интеллектуалдық ойын жоспарлау барысында көздеген мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту бағытында оқушыларды жан - жақты сауатты, дарынды, озық ойлы болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Ой - өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқуға, білімге, өнерге қызығушылықтарын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу болып табылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, ойын 5 кезеңнен тұратындылығын хабарлап ойын шарттарын түсіндіріп,.берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап берулерің керектігі айқындап кетті. Оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойын жалғастырылды. Қорытындылай келгенде әділқазыларға сөз беріп, женген топты анықтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттады. Жоспарланған ойын ойдағыдай өтті.
25.09.2021