«Дені саудың - жаны сау»
Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік жоспар аясында 10-ші ақпан айында «Өзін-өзі тану» онкүндігінің аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі И. Клепиков таза ауада 6 – 7 сыныптар аралығында «Дені саудың - жаны сау» атты спорттық жарыс өткізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, күнделікті денсаулығын шынықтыра білу мақсатында өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтті. Адамның басты байлығы денсаулық екенін біле отырып, денсаулық негізгі - қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғынып, таза да әдемі болуға тырысу керектігін түсіндіріп кетті. Сонымен қатар Бастауыш сыныптар аралығында «Спорт – денсаулық кепілі» атты спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі немесе спортпен жүйелі түрде шұғылдануға дағдыландыру, балаларды шапшаңдықтары мен ептіліктерін асыру. Балалар іс-шараға белсенді қатысты. Жеңіске деген ынтамен балалар сайыстағы тапсырмаларды бар жігерін салып орындады.
Ұйымдастырған Бейсенбаева Э.Ғ. алғысымыз шексіз.