Қазақ білім ордасы 30 жылдық мерейтойың құтты болсын!
№ 2 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің ашылғанына 30 жыл толып отыр. Мемлекеттік тілде білім беретін аудан орталығындағы ашылған мектептің тарихы 1991 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Алғашқы ашылған 1 сыныпқа мұғалім болған Өтемісова Жұпар апай қазақ тілінен сабақ беруді бастаған асыл да ардақты ұстаздар санатынан орын алады. Меңдіқара педогикалық училищесін бітірген Жұпар апай 1960 жылдары алғашқы ұстаздық жолын Бестау орта мектебінен бастаған ардақты ұстаз еді. Алғашқы сынып қазіргі орыс мектебінің құрамында ашылған екен. 2009 жылы жеке бөлініп, Қамысты орта мектебі атанды. 1 қыркүйекте "Өңірлерді дамыту" Республикалық 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы негізінде 2009 жылы 26 тамызда Қостанай облысының әкімі Сергей Витальевич Кулагиннің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына 10 жыл болғанмен, соңғы 4-5 жылда мектебіміздің 6 түлегі мектепті үздік бітіріп, Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" ерекше аттестатын алды. Мектеп түлектері арасынан ғылыми жұмыстарымен жоғары оқу орнында ұстаздық қылып жүрген Бауыржан Маханғали да Қамысты орта мектебінің түлегі саналады. Тәуелсіздіктің 30 жылдық ұлы мерекесіне орай 30 жыл толып отырған "Қамысты ауданы білім бөлімінің № 2 Қамысты жалпы білім беретін мектебі " КММ -де мемлекеттік тілде білім берумен қатар ұлттық тәлім-тәрбині, патриотизмді дәріптеуді, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін жеке тұлғаны тәрбиелеуді басты мақсат етеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық ұлы мерекесі құтты болсын!
Мектеп директоры: Абдин Өмірбай Қыдырбайұлы