Жаңа жылдық сыйлық немесе балаларға базарлық!

Жаңа жылдық сыйлық немесе балаларға базарлық! 
Қостанай "Білім—Инновация"  лицей интернатымен "Қамысты жалпы білім беретін мектебі" Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі арасында кәсіби қауымдастық  шеңберінде байланыс орнатылған еді. Жаңа жыл қарсаңында "Білім —Инновация" лицей интернатының директоры Бақтияр Шайманұлы бастаған  оқу орнынан біздің мектепке әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы отбасыларға сыйлық келді. Төрт балаға  ұсынған  сыйлықты 2- сыныптан Тілеуберген Айым, 5-сыныптан Омарбек Шахризада, 8-сыныптан Елікұлы Жетпіс, 7-сыныптан Боранбаев Досбол ие болды. Арнайы оқушы портфеліне салынған жаңа жылдық тәттімен қоса Құттықтау хат, оқушыға қажет барлық құрал-жабдықтар салынған екен. Салтанатты жағдайда табыс еткен мектеп директоры Өмірбай Қыдырбайұлы Қамысты жалпы білім беретін қазақ мектебі атынан және сыйлық алған ата-аналар атынан "Білім-инновация" лицей интернаты директоры Бақтияр Шайманұлына және педагогикалық ұжымға алғыс айтып, табыс тіледі. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, құрметті Әріптестер, табыс пен шығармашылықтың биігінен көріне беріңіздер!