«Ұлы ұстаз есімі» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы
Оқушылардың қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сайыс жүргізе отырып оқушылардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. «Ұлы ұстаз есімі» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысына белсене атсалысқан бастауыш сыныптың озык оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысымызды бастамас бұрын Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянына қысқаша тоқталып көптеген көрнекі құралдар пайдаланды. Бейнеролик, презентация, суреттер, кітап көрмесі, өлеңдер жинағы көрме ретінде пайдалана білді.
Нәтижесінде белсене қатысқан оқушыларға 1,2,3 орын беріліп, мектеп директоры құттықтай отырып белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапатталды.Корытындылай отырып оқушыларға , мұғалімдер өз тарабынан шағын тәтті сыйлықтарын таратты.
22.09.2021