«Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндігі
№2 Қамысты орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны өткізіліп, онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Мектеп директоры Абдин У.К. және өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Тажибаева Р.Б. сөз сөйлеп, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыра отырып, онкүндіктің жақсы деңгейде өтуіне сәттілік тіледі. Оқушылары шағын концерт дайындап, оқушыларға арнап бағдарламаның негізін қалаушы Сара Назарбаева туралы бейнебаян тамашаланды. Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.Онкүндіктің мақсаты: қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.